Мұқағали Мақатаев

На казахском языке стихи - Мукагали Макатаев(Мұқағали Мақатаев - өлеңдері)

Хат
Мұқағали Мақатаев
Саған таныс адыр, қырқа, беттегі,
Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді.
Рақатта іші-сырты ауылдың,
Қуантсаңшы сен де, сәулем, кеп мені.
Сағынышым - тек өзіңсің бір ғана,
Ұшып жетті, қарлығаш та, тырна да,
Саралақаз жұмыртқалап үлгірді,
Кеше екеуміз асыр салған жылғаға.
Ең алғашқы нөсер де өтті себелеп,
Әлдеқашан гүлге қонды көбелек.
Байлық, бақыт - бәрі де бар ауылда,